Асылбекова Жанылхан Мамежановна

Асылбекова Жанылхан Мәмежановна, 1970 жылы 25 маусымда Алматы облысы,2.jpg

 
 
 

Кеген ауданы, Жалаңаш аулында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары.

1989-1994 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірген.

1999-2003 жж.  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында  білім алған. Филология ғылымдарының кандидаты, 2010 жыл.

1994-1996 жж. «Қазақстан минералдары ресурстары» журналында корректор.

1999-2001 жж. №86 Ғ.Мүсірепов атындағы мектепте оқытушы.

2001 ж. Алматы Бизнес колледжінде оқытушы.

2002-2006 жж. «Хабар»  Агенттігінде редактор, сценарийст.

2006-2017 жж. – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында Мәдени-танымдық бағдарламалар Шығармашылық Бірлестігінің 1 санатты продюсері. Ж.Асылбекованың продюсерлігімен «Сөнбес сәуле», «Сөз-мерген», «Ілік септігі», «Қолтаңба», «Киноғұмыр», «Мирас», «Қазақ теледидарының концерт залы», «Тау тұлға» «Келбет», «Жарқын бейне»  бағдарламалары дайындалған. «Сезім тамшылары», «Көңіл тағдыры» жыр жинақтары жарық көрген.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі.