Марат Иманғалиұлы Сандықбаев

Марат Иманғалиұлы Сандықбаев, қалалық филиал директоры

1956 жылы 1 қыркүйекте Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай колхозында дүниеге келген. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1974-1975 жж. Жезқазған облыстық телевизиясында кинооператор, телевизия және радио дикторы, 1997 жылы телевизия редакторы, 1982 жылы телевизияның аға редакторы, 1984 жылы Жезқазған облыстық телевизиясының бас  редакторы, 1996 жылы Телерадиохабарлар бағдарламаларының атқарушы директоры-продюсерлік топтар үйлестірушісі қызметтерін атқарды.

2001 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Бас редактордың орынбасары, 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық филиалдарды дамыту бөлімінің басшысы, бағдарламалар директоры, 2010 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры, 2011 жылдың қараша айынан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры.

1983 жылы «КСРО телевизия  және радио саласының үздігі», 2005 ж. «ҚР Президентінің Құрмет грамотасы», 2010 жылы ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.