Салыкбаева Гулнара Сейтжановна

6.jpg1963 жылы 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келді. 1980 жылы осы аудандағы Дайыр селосында орта мектеп бітіріп, бір жыл Зайсан совхозында жұмыс істеді. 1981 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетіне түсіп, оны 1986 жылы тәмамдады. Университет бітірген соң, «Қазақ әдебиеті», «Арай-Заря», «Жас қазақ», «Астана дауысы» атты қазақ басылымдарында, «Атамұра», «Алаш» баспаларында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ТО «Жан» бірлестігінің жетекшісі, бас редактор міндетін атқарды. Одан кейін «Ел» Продюсерлік орталығында жүрген кезде ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Қазақтың дәстүрлі мың әні», «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» антологияларының жұмыс тобына жетекшілік етті. «Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан», «Аспандағы аңсарым», «Марина Цветаева», «Түс» атты кітаптары жарық көрген. 2014 жылы Г.С. Салықбаева «Әдебиет және өнер» саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.