Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы

1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында балалар бағдарламасы шығармашылық 1322553665[1].jpgбірлестігінің жетекшісі, кейін жастар мен балалар бағдарламалары бөлімінің, ғылыми-танымдық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, бас редакторы қызметін атқарған.  

1998-2002 жылдары тікелей эфирдегі «Отандастар» бағдарламасының бас редакторы, «Түркі әлемі» бағдарламасының жүргізушісі, Қазақ телевизиясында шығармашылық бірлестік жетекшісі, коммерциялық бөлімнің продюсері.

2005 жылы «31-канал», «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасының тілшісі.

2006 жылы «Қазақстан» ҰТА продюсері ретінде «Қымызхана», «Парыз бен қарыз», «Дидар» және т.б. бағдарламаларды жасаған.

2008 ж. «Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің, 2009 ж. «Әлеуметтік бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.

2010 жылдан «Қазақстан» ҰТА Бағдарламалар директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ-ның «Қазақстан» ҰТА Алматы қаласындағы филиалының бағдарламалар өндірісі шығармашылық бірлестігінің 2-ші дәрежелі продюсері.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.